Басты бет / Әр факультеттегі жастар ісі жөніндегі комитеттердің төраға/төрайымдары сайланды
Әр факультеттегі жастар ісі жөніндегі комитеттердің төраға/төрайымдары сайланды

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде бекітілген кесте бойынша 2023 жылдың 6-15 қыркүйегі аралығында факультеттердің Жастар ісі жөніндегі комитеттерінің төраға/төрайымдарының есеп беру - сайлауы өткізілді.

Университет қабырғасы – білім алумен қатар, студенттердің өзін-өзі дамытуына, қабілеттерін шыңдауға, өзін-өзі басқара білуге, өзара мәдениеттілікке, ұйымшылдыққа, достыққа, факульеттердің бір-бірімен тығыз байланыста болуына жағдай жасайтын үлкен мекеме.

Бұл шараға С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-дың әр факультетінің белсенді студенттерімен қатар жаңа оқу жылын бастаған 1-курс студенттері қатысты.

Сайлау нәтижесінде 8 факультеттің  Жастар ісі жөніндегі комитеттерінің жаңа төраға/төрайымдары  сайланды. Атап айтсақ:

  1. Агрономия факультеті – Мелден Нұржігіт Бакенұлы;
  2. Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеті – Тұрман Назым Ермекқызы;
  3. Техникалық факультеті – Джаксиликов Нурбол Жусипбекович;
  4. Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті – Гайнуллин Жасұлан Ерғалиұлы;
  5. Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті – Жакишев Нұрсәт Ерболұлы;
  6. Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеті – Кульмагамбетова Альмира Маратовна;
  7. Экономика факультеті – Қозыев Шыңғыс Уалиханұлы;
  8. Энергетикалық факультеті  – Марат Гүлім Бейбітқызы.