Басты бет / Ұйым/клубтардың төраға/төрайымдары сайланды
Ұйым/клубтардың төраға/төрайымдары сайланды

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде бекітілген кесте бойынша 2023 жылдың 11 қыркүйегінде университеттің студенттік ұйым және клуб мүшелерінінің  төраға/төрайымдарының есеп беру - сайлауы өткізілді.

Шығармашылық клубтар- университеттегі студенттердің белсенділік көрсеткіші. Жастар саясатының нәтижелі жүруіне клубтар мен студенттік ұйымдардың қосар үлесі орасан. ҚазАТЗУ зерттеу университеті деген атаққа ие. Сондықтан жастардың ғылымға қызығушылығын арттыру мақсатында алғыр студенттерден тұратын ғылыми үйірмелер бар. Клубтар қауымдастығы жастардың қызығушылығына қарай ашылған сан-түрлі ұйымдардың дамуына зор ықпал етеді. Бұл өз кезегінде жастардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Оқу ордамыз біліммен қатар, үлкен мүмкіндіктер де сыйлайды. Студенттердің өзін актерлік шеберліктерін, би өнері, ұлттық аспаптарда ойнау, вокал және КТК ойындарында көрсетуге мүмкіндік жасалған.

Студенттер клубтарда өз қабілеттерін шыңдап, жақын достар тауып та жатады. Тіл үйренгісі келетін жастарға тіл клубтары (қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс) қарастырылған. Оқу жылы басталып, студенттеріміз  университеттің ішкі өмірімен танысуда. KazATZU тек ғылыми көрсеткіште ғана емес, студенттік белсенділік тұрғысынан да жоғары екенін айқындай алады. Жоғарыда аталған ұйымдар мен клубтар өздерінің өткен жылғы есептерін беріп, жаңа оқу жылындағы төраға/төрайымдарын сайлады.

Сайлау нәтижесінде әр ұйым/клубтар өздерінің жаңа басшыларын сайлады. Атап айтқанда:

  1. Студенттік парламент ұйымы, агрономия факультеті – Құрбанғали Аружан;
  2. «Көмек еріктілер» ұйымы – Ибрагимұлы Дінмұхаммед;
  3. «Парасат» студенттік кәсіподақ ұйымы, ОШ ЖТ ж ҚО факультеті – Кәдірбек Балауса;
  4.  «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымы, ВжМШТ факультеті – Ибраев Шерхан;
  5. «ҚазАТЗУ студенттерінің Альянсы» ұйымы –
  6. «Ұтқырлық» ұйымы - ОШ ЖТ ж ҚО факультеті - Мәди Дәулет;
  7. «Ақжелкен» студенттік театры – Маратов Жангелди;
  8. «Шаттық» би ансамблі, ЖРБС ж Д факультеті – Самарбаева Алуана;
  9. «Шабыт» ұлт-аспаптар оркестрі, ОШ ЖТ ж ҚО факультеті – Тәңірберген Аружан;
  10. «Сейфуллин құрамасы» командасы , энергетикалық фаультеті – Әскеров Есенберген;
  11. «Вокал» үйірмесі, ЖРБС ж Д факультеті – Хойтан Ақбота;
  12. «Шырақ» интеллектуалды пікір-сайыс клубы, ЖРБС ж Д факультеті – Әбдіхаматова Ақжүніс;
  13. «DC MANGILIK» пікір-сайыс клубы, экономикалық факультеті  - Баялиева Асель;
  14.  «KazATZU Media» клубы, ВжМШТ факультеті - Каналбай Әдема;
  15. «Positive» психологиялық клубы, ВжМШТ факультеті - Милосердова Элла;
  16.  «Бейне өңдеу және анимациялар» клубы - Толеутай Айдыннұр;
  17. «Шебер қолөнершілер» клубы -  Нұрбақыт Жадыра;
  18. Сымбат» қыздар клубы - Нысан Назерке;
  19. «Көшбасшы» танымдық клубы - Еділбекова Аяжан.