Басты бет / Студенттік кеңестің төраға/төрайымдары сайланды
Студенттік кеңестің төраға/төрайымдары сайланды

12-18 қыркүйек аралығында Жатақхананың Студенттік кеңестерінің сайлауы өтті.

 Студенттік кеңес - бұл ҚазАТЗУ жатақханаларындағы студенттердің тәртібі мен тазалығын қадағалай отырып, түрлі мәдени–көпшілік, студенттік ортада студенттік өмірдің жағымды дәстүрлерін қалыптастыру және сақтау, саналы және өзіндік басқаруға тәрбиелеу, спорттық және басқа да іс–шараларды ұйымдастырып, жүргізуді іске асыратын құрылымдық бөлім. Жатақхананың студенттік кеңесі студенттердің мәдени демалысын ұйымдастырады, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларын өткізеді және қатысады, жатақханаларда ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын және тәртіп бұзушылықтың алдын алуын қадағайлайды. Осы дәстүрмен жаңа оқу жылында, әр жатақхананың Студенттік кеңесі сайланды.

 2023-2024 жылғы студенттік кеңесінің төраға/төрайымдары:

№5 жатақхана төрайымы, ЖРБС ж Д факультетінің 2- курс студенті – Мендахмет Зарина;

№6 жатақхана төрағасы, ВжМШТ факультетінің 4- курс студенті –Сагидолла Арман;

№7 жатақхана төрайымы, техникалық факультетінің 2- курс студенті – Дәуітбай Жанерке;

№8 жатақхана төрағасы, ВжМШТ факультетінің 3- курс студенті – Болатбай Ернұр.