Басты бет / ҚАТУ жеңімпаз атанды
ҚАТУ жеңімпаз атанды

Қарашаның 10 – 20-шы желтоқсан аралығында «ЖАҢАРУ» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс» РҚБ ұйымдастыруымен «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты қалалық карикатуралық байқау өтті. ҚАТУ студенттері белсенді қатысып, карикатуралық плакаттың қорытындысы бойынша Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеті  «Сәулет» мамандығының 18-13 тобы және «Дизайн» мамандығы 18-17 тобының студенттері жеңімпаз атанды.

 

Жеңімпаздарды ҚР мемлекеттік қайраткері, «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасы Әбдікәрімов Оралбай Әбдікәрімұлы және «ЖАҢАРУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Астана қалалық филиалының директоры – Д.Р.Рахметуллин марапаттады.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студенттерінің жұмыстарын ерекше бағалап, басшылыққа алғыстарын білдірді.