Басты бет / Қазақ күресінің Сәуір айына есебі
Қазақ күресінің Сәуір айына есебі

Қазақ күресінен Астана қаласының студенттер арасында лигаға қатыстық.

Евразия ұлттық университетінде өткен жарыста біздің палуандарымыз командалық 2 орынға ие болды. Командалық 1 орынға -  ЕҰУ. 2 орын - ҚазАТЗУ. 3 орын - Назарбаев университеті.

Жарыс 1-сәуір  күні   ЕҰУ күрес залында өтті.

Алда маусым айындағы универсиадаға дайындық жүріп жатыр.

Сәуір айының 13 күні залымызға қазақ күресінен Қазақстан чемпионы,спорт шебері Нұрланұлы Бекбол келіп шеберлік сағатын өткізді, тәжірибесімен бөлісті. Студенттерге қыздырыну,дұрыс құлаудан бастап әдіске кіріп шығуды үйретті.Төзімділікті дамытатын жаттығулар жасатты,иілгіштікке үйретті. Іштен шалу әдісімен қоса кеудеге салып лақтыру әдісін үйретті.

Уақытқа жылдам лақтырды,төзімділігін тексерді. Студенттерді күрестірді қателіктеріне тоқталды. әлсіздік көрсеткен балларға жеке тоқталды қателікпен жұмыс істеді.Шеберлік сағатының соңында күш дамыту жаттығуларын көрсетті. кермеге тартылу,арқанға шығу техникасын көрсетті. Дайындықтың соңында естелік суретке түсті.

Қазіргі уақытта палуандарымыз 23 жасқа дейінгі ҚР чемпионатына дайындық жасап жатыр. Астана қаласының күрес залдарына жолдастық кездесулерге барып қатысып жүр. Студенттермен күш дамыту жаттығуларына көңіл бөліп жүрмін. Алға қойған мақсатымыз Жоғары оқу орындары арасындағы Универсиада жарысында жүлде алу.

               Жаттықтырушы-оқытушы: Ибраев Ж.Д