Басты бет / Қазақ күресі (мамыр)
Қазақ күресі (мамыр)

Мамыр айында Отан қорғаушылар күні,Жеңіс күні мерекелеріне арналған қалалық жарыстарға студенттеріміз қатысты. ҚР кубогына дайындық жекпе жек спорт сарайында өтті. Барлық студенттерімді тәжірибе алмасу үшін дайындыққа апарып тұрдым. 12 мамыр жұма күнгі күрес күніне ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Құлекешов Ғалым Ізбанұлын палуандарға өз тәжірибесімен бөлісуге шақырдым. Жарыс алдында тактикаға жұмыс жасадық. Палуандардың функционалдық дайындығына көп көңіл бөлдік. 27-28 мамыр демалыс күндері Ақкөл қаласында қазақ күресінен  Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетовты еске алуға арналған республикалық турнирге Бас төрешілік қызметін атқардым.