Басты бет / Қазақ күресі (қазан 2023)
Қазақ күресі (қазан 2023)

Қазан айы студенттерді физикалық дайындықтарға көп көңіл бөлдім. Студент палуандарымыздан жүгіртіп,кермеге тартылтып және ұзаққа көп жүгірттім.футбол ойнаттым.  Палуандарға таза жүруге, залда тазалықты сақтауға және техника қауіпсіздігін үйреттім. Кілемде домалау,страховка жасап құлауды үйреттім.   Әдістердің кіріп шығу техникасын үйреттім. Қарсыласқа жамбас әдісіне кіріп шығуды және лақтыруды үйреттім.  Студенттерімді жарыс алды дайындықтар жасаттым.  Ұлытау облысы,Жезқазған қаласында өтетін қазақ күресінен Азия кубогына Астана қаласының іріктеу жарысы өтті.Жарыс 25 қазан күні Республика күніне орай өткен болатын. Энергетикалық факультеттің  1- курс студенттері Шәріпбек Әнуар 70 кг салмақ дәрежесінде  2 орынға ие болды. Ергешбай Нариман 82 кг салмақ дәрежесінде  1- орынға ие болды және Нұрланов Әсет 76 кг салмақта 2-орынға ие болды.   Студенттерімізді алдағы қазақ күресінен тұңғыш рет өтетін  азия кубогына дайындығымызды бастадық. Алда басқа залдағы палуандармен жолдастық кездесу өткізу жоспарлануда. 1- курс студенттері арасында спартакиада қазақ күресінен  өткіздім. Жарыс 7 салмақ дәрежесінде өтті. Палуандарымызға сәттілік

Қазақ күресі жаттықтырушысы:

Ибраев Жанай Дуйсенбаевич