Басты бет / Қазақстанда білім алып жүрген қандастар арасында баскетболдан жарыс өтті
Қазақстанда білім алып жүрген қандастар арасында баскетболдан жарыс өтті

Елорда төрінде ҚР СІМ қарасты «Отандастар қоры» КеАҚ және С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ұйымдастыруымен елімізде білім алып жатқан қандас студенттер арасында қараша айының 26 жұлдызында «Otandastar cup» халықаралық баскетбол турнирі өтті.

 

    

Ашылу салтанатына ҚР Сенат және Мәжіліс депутаттары Ғалиасқар Төлендіұлы, Болат Бақбергенұлы, Амангелді Ғабдылкәрімұлы, «Отандастар қоры» Қоғамының басшысы Абзал Сапарбекұлы және С. Сейфуллин атындығы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма мүшесі, Студенттер ісі жөніндегі проректор Жайнагүл Айтмағанбетқызы мен Спорт клуб төрағасы Есен Білалұлы қатысты, қонақтар мен университет басшылығы спортшыларға сәттілік тіледі.

  

Турнирдің басты мақсаты - Атамекенде білім алып жатқан қандас жастардың арасында достық қарым-қатынас орнату, салауатты өмір салтын насихаттап және ең мықты спортшыларды шаршы алаңда анықтау.

Биыл үшінші рет өтіп жатқан дәстүрлі турнирде Өзбекстан, Моңғолия, Қытай сынды алыс-жақын шетелдерден келген 200 жуық жас спортшылар бақ сынады. Қатысушылар 16-25 жас аралығындағы ұл және қыз бала командаларынан құралды.

16 ұл 6 қыз бала командалар ішінен сайдың тасындай іріктеліп шыққан 6 команда үздік атанып, арнайы сертификат пен ақшалай сыйлыққа ие болды.

Ұлдар командасының қорытындысы:

1-орын: «IMS Astana»/Моңғолия - Еуразия ұлттық университеті;

2-орын: «Reggion 14»/Моңғолия-Екібастұз, Павлодар, Астанада білім алып, кәсіп бастап жүрген жастар;

3-орын: «Ховд»/Моңғолия-ЕҰУ, Астана медицина университеті;

Қыздар командасының қорытындысы:

1-орын: «Miamі»/Моңғолия-Өзбекстан қыздар құрама командасы;

2-орын: «Jas qazaq»/Моңғолия-ЕҰУ, Астана IT университеті;

3-орын: «Eagle»/Моңғолия-Еуразия ұлттық университеті;

  

Сонымен қатар, «Үздік спортшы» номинациясының иегерлері анықталды:

«Үздік спортшы» / қыздар арасынан - Өзбекстандық  Аружан Какенқызы;

«Үздік спортшы» / ұлдар арасынан-Моңғолиялық Үмбет Әскерханұлы;

Үздік спортшыларға Отандастар қоры Қоғам басшысы Абзал Сапарбекұлы «Отандастар қорының» бір жобасына қатысуға ЖОЛДАМА табыстап, айтулы күндегі жеңістерімен құттықтады.

 

Жоба демеушісі - «Sine Midas Stroy» құрылыс компаниясы.