Басты бет / Жолдауды қолдаймыз
Жолдауды қолдаймыз

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Техникалық факультетінің оқу ғимаратында бірінші қыркүйек күні өткен Қазақстан Республикасы Президентінің  Халыққа жолдауын талқылап, ой бөлісу мақсатында университетке «AMANAT» партиясы, Астана қалалық филиалының саяси жұмыс бөлімінің кеңесшісі, ақын, жазушы Әбдіғани Бәзілханұлы мен «AMANAT» партиясы, Астана қаласы, Сарыарқа аудандық филиалының кеңесшісі Зейнел Гүлайнаның қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Техникалық факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысып, Жолдаудағы өндіріс пен ауылшаруашылығын дамытудың маңыздылығын айрықша атап өтті.  Кездесудің  мазмұнды өткенін айрықша атап өткен Басқарма мүшесі, Студенттер ісі жөніндегі проректор Ж.А.Құсайынова келген қонақтарға университет ұжымының атынан ыстық ықыласын білдірді.