Басты бет / «Кең болсаң – кем болмайсың» мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек
«Кең болсаң – кем болмайсың» мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек

2023 жылдың 19 қаңтар күні «Көмек» еріктілер ұйымының ұйымдастыруымен Астана қаласында орналасқан мешітпен бірлесе отырып қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Бұл шараны ұйымдастырудың басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету еді. 

Студенттер әлеуметтік желілер арқылы, 19-23 Қаңтар аралығында 130,426 (жүз отыз мың төрт жүз жиырма алты) теңге көлемінде қаражат жинады. Жиналған қаражат нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі 2 отбасына және азық-түлік, жеміс-жидек, тұрмыстық заттар жеткізілді.

Көмек қолын созған студенттерге батасын айтып, сәттілік тіледі.