Басты бет / «POSITIVE» психологиялық клубының ұйымдастыруымен Студенттік кеңес мүшелерімен көшбасшылықты дамытуға арналған тренинг 15.11.2024
«POSITIVE» психологиялық клубының ұйымдастыруымен Студенттік кеңес мүшелерімен көшбасшылықты дамытуға арналған тренинг 15.11.2024

 2024 жылы 15 қараша күні «POSITIVE» психологиялық клубы және Тәрбие-әлеуметтік жұмыс жөніндегі департаменттің психологтарымен бірлесіп, студенттік кеңес мүшелерімен көшбасшылықты дамытуға арналған тренингтер өткізді.

          Кездесудің мақсаты - студенттік кеңес мүшелерінің көшбасшылық дағдыларын дамыту, топтық жұмысқа қабілеттілікті арттыру, өз идеяларын тиімді қорғау және шешім қабылдау процесін оңтайландыру.

          Кездесу барысында, студенттер көшбасшылық дағдыларын дамыту үшін әуелі ұйымдастырылатын іс-шаралар студенттердің жеке қасиеттері мен топтық жұмысын нығайтуға бағытталуы  керек екендігі және мұндай дағдыларды  дамыту студенттерге болашақта түрлі қоғамдық және кәсіби рөлдерде табысты болуға көмектесетіндігі, сонымен қатар көшбасшылық дағдыларды  дамыту үшін тиімді әдістер мен жаттығуларды атап көрсетті.

         Кездесу соңында, қатысушылар тақырыпқа байланысты өз пікірлерімен бөлісті.