Басты бет / Бақытты өмірдің кілті – өзара түсіністікте
Бақытты өмірдің кілті – өзара түсіністікте

2022 жылдың 15 сәуірінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «IMEI» Халықаралық зияткерлікті дамыту институтымен жасалған екіжақты ынтымақтастық меморандумы аясында «IMEI» зияткерлік мектебінің өкілі, Корея мемлекетінен келген лектор Гон Ён Бе агрономиялық, энергетикалық және КЖКББ факультетінің студенттері үшін семинар-тренинг өткізді. Тренингте адамдар арасындағы қамқорлық, өзара түсінісудің құндылығы туралы өмірлік оқиғалармен сабақтастыра психологиялық кеңестер берілді. Студенттер өз сұрақтарын қойып, еркін диалог алаңы қалыптасты.