Басты бет / «SEIFULLIN» құрамасы жеңімпаз қатарында
«SEIFULLIN» құрамасы жеңімпаз қатарында

Қараша айының соңына қарай Көкшетау қаласындағы  «Болашақ сарайы» концерт залында Республикалық «Nomad» лигасының Көңілді тапқырлар клубы ойындарының финалы өтті. Біздің университетіміздің намысын «SEIFULLIN - құрамасы» қорғады. 
Ойын 2 сайыстан тұрды: сәлемдесу және жұлдызбен үй тапсырмасы. Көңілді тапқырлар клубының ойынына Астана, Петропавл, Арқалық, Көкшетау қалаларынан келген студенттерінен құралған командалар қатысты. Ойын нәтижелері бойынша SEIFULLIN – құрамасы 3 орынға ие болды. Университет басшылары және «SEIFULLIN - құрамасы» түлектер клубындағы ағаларға және түлектер клубының төрағасы Майер Александр Викторовичке демеушілік жасағаны үшін өз алғыстарын білдіреді. 
Командада Әскеров Есберген ЭЭ-20-05, Сапарғали Диас ТЭ-21-02, Тұрдыбай Нұрболат ТМО-21- 04. Оразай Мухаммад ЭЭ-22-07, Әміржан Еркебулан ТЭ-23-01,Өмірбай Жасулан Кадастр-21-05 ойын көрсетті.