Басты бет / Университеттегі тәлімді жүздесу
Университеттегі тәлімді жүздесу

С.Сейфуллин атындағы  ҚазАТЗУ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Астана қаласы бойынша департаментінің басшылығымен кездесу өтті. Кездесуді Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры, академик Қ.М.Тіреуов кіріспе сөзбен ашты.

Кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары  А.А. Ағыбаев пен Antikor ағартушылық пулының спикері, психология ғылымдарының доктор, медицина ғылымдарының кандидаты Л.Ө.Асылбекова қатысты.

Кездесу қонағы А.А.Ағыбаев  жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығына тоқталды.

Екінші дәріскер - профессор, "Халықаралық құзыреттер академиясы" ЖШС директоры, Л.Ө.Асылбекова жиналған қауымға «Ценности в современном мире: от сознания до эффективности» тақырыбында дәріс оқыды.

Сөйтіп, профессор Л.Ө.Асылбекова университет әкімшілігі мен студент жастарға кәсіпқойлықты арттыру мен жеке-іскерлік қасиеттерін жетілдіру бойынша теориялық білімімен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.

Кездесуде С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ комплаенс-қызметінің басшысы Қ.А.Токушев университетіміздегі комплаенс- қызметтің құрылу тарихы мен міндеттері жайлы баяндады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың діттегені – сыбайлас  жемқорлықтың тәуекелдерін азайту мен қоғамның әділеттілікке деген сенімін қалыптастыру екені белгілі. Осы бағытта комплаенс қызметі 13 ішкі  құжат әзірледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 7 тақырыптық мониторинг жүргізді. Пофессорлық-оқытушылық құраммен, қызметкерлермен және студенттермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитетті қалыптастыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді» - деді Қ.А.Токушев.

Университетте комплаенс бақылау және корпоративтік әдеп жөнінде Кеңес құрылып, оның құрамына университетіміздің белді ғалымдары мен оқытушылары кірді.

Университетіміздің 2 курс студенті, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасының  мүшесі  Әдемі  Жүнісова өз сөзінде осы жобаға университетімізден 68 ерікті мүше болғандығын баяндады және бұл еріктілер  саныменен сапа жағынан да көбейетінін жеткізді.