Басты бет / «Светоч» балалар үйінде концерт
«Светоч» балалар үйінде концерт

2022 жылдың 12 қарашасы күні «Көмек» еріктілер ұйымы Малотимофеевка ауылындағы «Светоч» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне концертпен барып келді.

Іс-шара барысында көңілді қойылымдар қойылып, ән айтылып, би билеп, ойындар ойнатылды. Көңілдері бір марқайып қалған балаларға сыйлықтар табысталды.

«Көмек» еріктілер ұйымының мүшелері қуантып қана қоймай, сыртқы шаруаларына да қол ұшын созып, тазарту жұмыстарын жүргізді.