Басты бет / «Армысың, Әз-Наурыз» атты байқау өтті
«Армысың, Әз-Наурыз» атты байқау өтті

2022 жылдың 18-20 наурызы күндері Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «Армысың, Әз-Наурыз» атты факультетаралық байқау өтті.

Байқауда әр факультет өздеріне бөлінген номерлерді керемет орындап, киіз үй тігіп,  ұлттық тағам түрлері мен наурыз көжелер үлестіріп, ұлттық салт-дәстүрде ойын түрлерін көрсетіп, белсене қатысты. Негізгі мерекелік шарамызда өнер көрсеткен факультет ұжымдарының концерттік бағдарламасы жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шара соңында әділқазы алқалары жұртшылықты құттықтап, жылы лебіздерін жеткізіп, бағаларын берді. Байқау қорытындысы:

Бас жүлдені  Экономикалық факультет;

І орынды    Техникалық факультет;

ІІ орынды   ВжМШТ факультет;

ІІІ орынды  Агрономиялық факультеттері иеленді.