Басты бет / «Үздік дуэт» би байқауы өтті
«Үздік дуэт» би байқауы өтті

2022 жылдың 25 ақпанында "Arrow crew" Заманауи би клубының ұйымдастыруымен "Үздік дуэт"би байқауы өтті.

Байқауға барлық факультеттердің студенттері қатысты.

Қазылар алқасының құрамына өз ісінің шеберлері «Брейк-данс» - Би бағытының оқытушысы Б.Сейтақ, "Fame" әйелдер студиясының хореографы – Д.Сазанова, хореограф және "Жастар Жалыны" байқауының жеңімпазы – Ә.Жантаев шақырылды.

Байқаудың соңында әділ қазылар алқасы өз шешімдерін шығарып төмендегі студенттер мараптталды:

1 орынды ЖРБСжД факультетінің студенттері Т. Насиболла және

К. Муратова; 

2 орынды Экономика факультетінің студенттері А. Бахтияров пен

А. Ахметова;

3 орынды Агрономия факультетінің студенттері С. Қажымұрат және

К. Нармаханова иеленді.