Басты бет / «Үздік университет» атты интеллектуалдық шығармашылық байқауы байқауы өтті
«Үздік университет» атты интеллектуалдық шығармашылық байқауы байқауы өтті

2022 жылдың 22 сәуірі күні «KazATU  Connector» клубының ұйымдастыруымен  университетаралық «Үздік университет»  атты интеллектуалдық шығармашылық байқауы өтті.

Бұл іс-шарада  әр университеттен келген студенттер әр номинация бойынша  белсене қатысып өздерін көрсете білді.

Байқаудың шарттарымен номинациялары бойынша сынға түскен студенттерді іріктеп, қорытынды нәтижесін әділ – қазылар алқасының құрамы шығарды.

Байқау қорытындысы: «Үздік университет»  атты интеллектуалдық шығармашылық байқауы 1-орынды "қазақ технология және бизнес университеті" иеленді, ҚазТЖБ университетінің студенті А. Тыныштықбаев  «Білімді көшбасшы» номинациясын иеленгені үшін алғыс хатпен марапатталып, ҚазАТУ-нің студенті Ә.Сарманов «Ең үздік би» номинациясын  иеленді.

Осы дәстүрді жалғастыру ретінде, ҚазАТУ-дың Жастар саясаты департаментінің директоры  іс шараны келесі жылы  ҚазУТБ университетінде ұйымдастыруды ұсынды.