Басты бет / «Ветеринарлық санитария» кафедрасының үйірмелері
«Ветеринарлық санитария» кафедрасының үйірмелері

«ХЭБ ұсыныстарын ескере отырып қазіргі заманғы малшаруашылығын жүргізу жағдайында профилактикалық шараларды жүргізудің эпизоотологиялық аспекттері» студенттік үйірме жұмысы туралы 

АҚПАРАТ

Үйірменің мақсаты: Студент жастар бойында ғылыми-зерттеу еңбегіне машықтану, шығармашылық талпыныс пен практикада ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін қолдана алу қабілеттерін қалыптастыру.

Үйірменің басты міндеттері:

Ғылыми үйірменің негізгі міндеттері:

  1. Жануарлардың инфекциялық ауруларының эпизоотологиясы бойынша білім алып, олармен түбегейлі тұрғыда зерттептанысу;
  2. Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ғылыми жобалар жұмыстарына қатысу;
  3. Жануарлар мен құстардың инфекциялық ауруларын профилактикалау бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу;
  4. Статистикалық және эксперименталды ақпараттарды жинау, саралау және өңдеу жұмыстарының әдіснамалық ерекшеліктеріне машықтанып, үйрену.

Студенттікғылыми-зерттеу үйірмелерінің жетекшілері:

Күтілетін нәтижелер:

  1. Білім алушылар ғылыми жобаларға қатысатын болады;
  2. Үйірме жұмысы нәтижелері ғылыми конференцияларда сыналымнан өтетін болады;
  3. Дипломдық және диссертациялық жұмыс тақырыптары орындалатын болады;
  4. Жануарлар мен құстардың инфекциялық ауруларын профилактикалау бойынша ұсынымдамалар шығарылатын болады.