Басты бет / «ARDUINO платформасында цифрлық құрылғыларды жобалау» үйірмесі
«ARDUINO платформасында цифрлық құрылғыларды жобалау» үйірмесі

«ARDUINO платформасында цифрлық құрылғыларды жобалау» үйірмесі цифрлық электрондық құрылғылардың үлгілерін жасау мүмкіндігін береді. Модельдерді оқу, оларды программалау және ең қарапайым блоктар мен түйіндерді құрастыру мысалын қолдана отырып, студенттер заманауи технологияның құрылымын жақсы түсінетін болады. Үйірмедегі сабақтар белгілі бір саладағы дағдылармен қатар техникалық пәндерді – физика, математика, информатика және басқа да арнайы техникалық пәндерді тереңдетіп оқуға мүмкіндік береді. Үйірмедегі сабақтар қатысушыларға жаңалық жасауға мүмкіндік береді: пайдалы, жаңалықтар ойлап табуға, модельді  құрастырып және оны көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай – ақ үйірме мүшелері әр түрлі байқауларға, хакатондарға, олимпиадаларға қатысуға мүмкіндік алады, онда жастар өздерінің шығармашылық жобаларын нарыққа шығару мүмкіндігін алады.

Миссиясы – Цифрлық Технологиялар саласында студенттерге қосымша білім беру саласындағы мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыру болып табылады.

Бұл үйірменің білім беру нарығындағы мақсаты – жеке тұлғаның шығармашылық және зияткерлік әлеуетін ашу арқылы өмір сапасына әсер ету, әлеуметтік маңызды нәтижеге қол жеткізуге мотивация беру, студенттердің өмірде табысқа жетуіне жағдай жасау. Студенттердің Цифрлық Технологиялар саласындағы болашақтағы кәсіби қызметі үшін кәсіби білімінің жоғары деңгейіне қол жеткізу.

Міндеттері: Цифрлық Технологиялар саласында кәсіби функцияларды жүзеге асыруға байланысты мақсат қоя алатын және міндеттерді тұжырымдай алатын, әртүрлі цифрлық құрылғыларды жобалаумен байланысты техникалық процестерді жоспарлап және ұйымдастыра алатын білікті кадрларды даярлауға бағытталған.