Басты бет / БЛИС (FPGA) жобалау үйірмесі
БЛИС (FPGA) жобалау үйірмесі

БЛИС (FPGA) жобалау үйірмесі жоғары интеллектуалды цифрлық құрылғылардың заманауи үлгілерін жасауға мүмкіндік береді. Модельдерді жобалау, оларды бағдарламалау, құрастыру барысында студенттер жоғары технологиялық құрылғыларды жасау дағдыларын алады. Белгілі бір саладағы дағдылармен қатар, үйірмедегі сабақтар арнайы техникалық пәндерді тереңдетіп оқуға мүмкіндік береді. Үйірмеде  студенттер жаңалық ашуға: өндіріс пен күнделікті өмір қажеттіліктері үшін жаңа жоғары технологиялық құралдарды ойлап табуға мүмкіндік алады. Сондай – ақ үйірме мүшелері әр түрлі байқауларға, хакатондарға, олимпиадаларға қатысуға мүмкіндік алады. Одан бөлек өздерінің шығармашылық жобаларын нарыққа шығару мүмкіндігі туады.

Миссиясы – Цифрлық Технологиялар саласында студенттерге қосымша білім беру саласындағы мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыру, қазіргі заманғы жоғары технологиялық жабдықтармен жататын БЛИС (FPGA) құрылғыларын жоспарлау мен бағдарламалайтын жоғарғы кәсіптік мамандарды даярлауға көмек көрсету болып табылады.

Бұл үйірменің білім беру нарығындағы мақсаты – жеке тұлғаның шығармашылық және зияткерлік әлеуетін ашу арқылы өмір сапасына әсер ету, әлеуметтік маңызды нәтижеге қол жеткізуге мотивация беру, студенттердің өмірде табысқа жетуіне жағдай жасау. Студенттердің Цифрлық Технологиялар саласында болашақтағы кәсіби қызметі үшін кәсіби білімінің жоғары деңгейіне қол жеткізу.

Міндеттері: Цифрлық Технологиялар саласында кәсіби функцияларды жүзеге асыруға байланысты мақсат қоя алатын және міндеттерді тұжырымдай алатын, әртүрлі цифрлық құрылғыларды микроконтроллерлерді қолданып жобалау  және бағдарламалайтын, техникалық процестерді жоспарлай және ұйымдастыра алатын білікті кадрларды даярлауға бағытталған.