Басты бет / «Микроконтроллерлерді бағдарламалау» үйірмесі
«Микроконтроллерлерді бағдарламалау» үйірмесі

«Микроконтроллерлерді бағдарламалау» үйірмесі микроконтроллердің осы түріне негізделген цифрлық электрондық құрылғылардың әртүрлі үлгілерін жасау мүмкіндік береді. Модельдерді оқып – үйрену, оларды программалау және модельдерді құрастыру кезінде студенттер заманауи технологияның құрылымын жақсы түсінетін болады. Белгілі бір саладағы дағдылармен қатар, үйірмедегі сабақтар техникалық пәндерді тереңдетіп оқуға мүмкіндік береді. Үйірме студенттерге өз бетінше жаңалық ашуға мүмкіндік береді: жаңа техникалық құралдарды ойлап табуға, өзі құрастырған үлгіні көрсетуге мүмкіндігін береді. Сондай – ақ үйірме мүшелері әр түрлі байқауларға, хакатондарға, олимпиадаларға қатысуға мүмкіндік алады. Ол жерде жастар өздерінің шығармашылық жобаларын нарыққа шығару мүмкіндігін алады.

Миссиясы –  микроконтроллерлермен жұмыс істей білу маңызды рөл атқаратын Цифрлық Технологиялар саласында студенттерге қосымша білім беру саласындағы мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыру. 

Бұл үйірменің білім беру нарығындағы мақсаты – жеке тұлғаның шығармашылық және зияткерлік әлеуетін ашу арқылы өмір сапасына әсер ету, әлеуметтік маңызды нәтижеге қол жеткізуге мотивация беру, студенттердің өмірде табысқа жетуіне жағдай жасау. Студенттердің Цифрлық Технологиялар саласында болашақтағы кәсіби қызметі үшін кәсіби білімінің жоғары деңгейіне қол жеткізу.

Міндеттері: Цифрлық Технологиялар саласында кәсіби функцияларды жүзеге асыруға байланысты мақсат қоя алатын және міндеттерді тұжырымдай алатын, әртүрлі цифрлық құрылғыларды микроконтроллерлерді қолданып жобалау  және бағдарламалайтын, техникалық процестерді жоспарлай және ұйымдастыра алатын білікті кадрларды даярлауға бағытталған.