Басты бет / «Өсімдіктанушы» ғылыми студенттік үйірмесі
«Өсімдіктанушы» ғылыми студенттік үйірмесі

Агрономия факультетінде «Өсімдік шаруашылығы» студенттік ғылыми үйірмесі «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» кафедрасында студенттік ғылыми қоғамның «Өсімдіктанушы» үйірмесі 2012 жылы ұйымдастырылған.

Студенттер үйірмесінің мақсаты:

болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың жеке көзқарастары мен өзіндік шығармашылық белсенділігін күшейту, оқытудың белсенді формалары мен әдістерін пайдалану негізінде кәсіби даярлау деңгейін жоғарылату.

Студенттер үйірмесінің міндеттері:

- академиялық пәндерді оқу үдерісінде диалектикалық ойлауды қалыптастыру;

- өсімдік шаруашылығы бағытында ғылыми зерттеулердің теориясы мен практикасын зерттеу, проблемалық жағдайдың мәнін анықтау қабілеті;

- ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- ғылыми білім мен кәсіби дағдылардың белгілі бір саласы бойынша жүйелік зерттеу дағдыларын алу;

- конкурстар мен олимпиадаларды ұйымдастыру;

- дөңгелек үстелдер, кездесулер, пікірсайыстар, шығармашылық кештер өткізу.

Ғылыми үйірме мүшелерінің жетістіктері:

2020-2021 оқу жылындағы COVID-19 пандемиясына байланысты барлық іс-шаралар онлайн режимінде өтті.

«Өсімдіктанушы» ғылыми студенттік үйірмесінің ай сайынғы кездесулері әртүрлі курс студенттері мен кафедра оқытушылары, өндіріс мамандары және ауыл шаруашылығы саласындағы танымал ғалымдардың қатысуымен өтеді. Олар өз ғылыми тәжірибелерімен алмаса отырып, студенттердің ғылыми зерттеуге және болашақ мамандыққа деген қызығушылығын тудырады.

 

«Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» кафедрасының оқытушылары студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді тартуда. Қазіргі таңда үйірмеде «Агрономия» мамандығының 2, 3 және 4 - курс студенттерінің 40 студенті қатысады. Үйірме мүшелері ғылыми жобаларға, танаптық тәжірибе жүргізу барысында және зертханалық зерттеулерге де қатысады.

   

2020 жылдың қарашасында студенттер Құлманбеков Есканат және Ақсуат Ақназар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті VIII Республикалық студент жастардың «Мен жастарға сенемин!» патриоттық форумы аясында «Менің елдің инновациялық дамуына қосқан нақты үлесім» атты студенттердің инновациялық әлеуметтік-маңызды жобаларының байқауына қатысты.

 

2021 жылдың сәуір айында Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінде өткен XIII Республикалық пәндік олимпиадаға «Өсімдіктанушы» үйірмесінің мүшелері Нұралов Арыстан Серікұлы, Мұхамедия Бақыт Сакенұлы және Батырбаева Карина Батырбаевна қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша К.Б.Батырбаева 3 -ші дәрежелі дипломға ие болды.

 

СҒЗЖ төрағасы  Нуралов А.

Үйірменің ғылыми жетекшісі: Тлеппаева А.А.