Басты бет / «ҚазАТУ студенттінің ар-намыс кодексі» атты университеттің нормативтік-құқықтық құжаттарын түсіндіру мақсатында кураторлық сағаттар
«ҚазАТУ студенттінің ар-намыс кодексі» атты университеттің нормативтік-құқықтық құжаттарын түсіндіру мақсатында кураторлық сағаттар

2023 жылдың 9 қантары мен 24 ақпаны аралығында Жастар саясаты департаменті  «ҚазАТУ студенттінің ар-намыс кодексі» атты университеттің нормативтік - құқықтық құжаттарын түсіндіру мақсатында энергетикалық факультетінің 1 курс студенттеріне кураторлық сағаттар өткізді. Оқу топтарындағы студенттердің әлеуметтік-психологиялық әл-ауқаты т.б. сұрақтар қарастырылды. Студенттермен бірге толық талқылап, сұрақ-жауап жүргізілді. Атап айтатын болсақ: студент қандай жағдайда оқудан шығарылады (әрбір пункке жеке-жеке тоқталды), сонымен қатар ар-намыс кодексіндегі баптары талқыланды. Студенттің мәртебесі, құқығы, міндеттері және ынталандыру және тәртіптік ықпал ету шаралары туралы ақпараттар толық қамтылды.