Басты бет / Жеңіл атлетика (желтоқсан 2023)
Жеңіл атлетика (желтоқсан 2023)

Желтоқсан айында жеңіл атлетика бөлімі жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жұмысын жалғастырды.

Астана қаласының қысқы біріншілігіне дайындық аясында секция қатысушылары функционалдық дайындық деңгейін (ФДД) арттыру бойынша жұмыс жасай отырып, кросстық дайындықты жалғастырды.

ФДД жағдайын тексеру үшін 100, 200, 500 және 1000 метрлік сынақ жарыстары жүргізілді, жарыстар арасында 1 минуттық демалыс орны болды. Сонымен қатар, барлық спортшылар ай сайын "Купер тесті"бойынша нормативтерді тапсырады.

Тест жарыстары көптеген спортшылардың дайындық деңгейін шекті деңгейден 60-70% деңгейінде көрсетті.