Басты бет / Студенттік театрдың ұйымдастыруымен «Махаббат деген осыма?»
Студенттік театрдың ұйымдастыруымен «Махаббат деген осыма?»

2023 жылдың 2 қараша күні  Агрономиялық факультетінің акт залында  «Ақжелкен» студенттік театрының ұйымдастыруымен «Махаббат деген осыма» атты лирикалық бағыттағы поэзия кеші өтті.

Поэзия- адам жаны мен сезімінің ортасындағы алтын көпір. Сол себептіде  кеш барысында лирикалық өлеңдер оқылып махаббат әлеміне жастар көзімен сыр шертті.

Кеш барысында М.Мақатаев, Ф. Оңғарсынова, А.Бақтыгереева, Қ. Сарин сияқты белгілі ақындардың өлеңдері оқылды. Кеш «Ақжелкен» студенттік театрынының шәкірттерінің ой-тұжырым, идеясы мен экономика факультетінің студенті  Ж. Маратовтың режиссерлік етуімен өткізілді. Бұл алғашқы бастама, алдағы уақытта әртүрлі тақырыпта дәл осындай поэзиялық кештер атқарылып тұратын болады.