Басты бет / «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы кең көлемді қалалық сенбілік
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы кең көлемді қалалық сенбілік

Байқоңыр ауданында «Жастар Рухы» Жастар Қанатының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді қалалық сенбілік өтті. Сенбілік барысында аумақ қоқыстардан тазартылып, жасыл көшеттер отырғызылды.

Табиғатты қорғау мәдениетін арттыру мақсатында қатысушылар арасында түрлі интерактивті ойындар мен экологияға арналған қызықты викториналар өткізілді.

«Жастар рухының» белсенділері қоршаған ортаны аялаудың маңыздылығын нақты іспен дәлелдеп, табиғатты сақтау ісіне өз үлестерін қосты.

Таза Қазақстан – таза болашақтың  негізі!

 

https://www.instagram.com/reel/DI6Be22ibK4/?igsh=Y2Z5dnF3eTU0Z3hx