Басты бет / Белбеу күресінен шеберлік сағаты
Белбеу күресінен шеберлік сағаты

2023 жылдың 10 сәуірінде агрономия факультетінің корпусында орналасқан күрес спорт залында «Әлем чемпиондарының әдістері» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.

Жоғары аталған шараға шақырылды, белбеу күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Қалиев Секен Оралбайұлы, сонымен қатар белбеу күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін Әлем чемпионы, Әлем кубогының чемпионы, он екі - Қазақстанның дүркін чемпионы, университетіміздің 2020 жылғы түлегі Сатбаев Дидар.

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Қалиев С.О. студенттерді Қазақстандағы белбеу күресінің тарихымен және дамуымен таныстырып, күрес ережелерімен таныстырды. Жетекші спортшы Сатбаев Дидар өзінің шеберлігін және техникасын көрсетіп, оларды жүзеге асырудағы тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар шеберлік сабағында қорғаныс және қарсы тұру әдістерін көрсетті.

Чемпионның сөзі шәкірттеріміздің жадында жақсы сақталды: Жақсы нәтиже көрсетемін десеңіз, ең алдымен тәртіпті, еңбекқор болу керек, бір-екі күрес әдісіпен ғана қолдану ол аз болады. Жоғары санатты балуанның арсеналында кемінде бес қолтаңбасы бар және оларды екі бағытта орындауы керек.

Соңында қонақтарымыз студенттердің сұрақтарына жауап берді. Шеберлік сабағы жаттығу айқастарымен және қатысушылардың жалпы фотосессиясымен аяқталды.