Басты бет / Волейболдан ерлер арасында шеберлік сабағы
Волейболдан ерлер арасында шеберлік сабағы

2023 жылдың 17 сәуірінде Назарбаев университеті спорткешенінде С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-дың волейболдан ерлер спорттық секциясында шұғылданушы студенттеріне арналған шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Аталған сабаққа шеберлігі мен тәжірибесін бөлісуге волейболдан «Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының спорт шебері», FIVB халықаралық сертификатының иегері Вячеслав Саралинов шақырылды. Вячеслав секция қатысушыларына волейбол ойынындағы шабуыл соққысын тосқауылдау мен допты қабылдау кезіндегі қолданылатын арнайы әдістер мен жаттығуларды іс жүзінде көрсетіп, сабаққа қатысушылардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Әсіресе «қосарланған» және «үшеуленген» тосқауылдаудың орындау техникасына аса көңіл бөлінді. Сабақ барысын қорытындылай келе, болашақта әрі қарай волейбол спорттық секциясында шеберлік сабақтары жалғасын табатын болды.

Секция жаттықтырушысы: Сулейменов С.Д.