Басты бет / Қырмызы клубының ұйымдастыруымен «Фуршет дайындау» шеберлік сағаты өтті 23.11.2024
Қырмызы клубының ұйымдастыруымен «Фуршет дайындау» шеберлік сағаты өтті 23.11.2024

Қатысушыларды фуршет ұйымдастырудың негізгі қағидаларымен таныстыру, тәжірибелі маманнан тағам дайындау және сервировка бойынша практикалық білім беру сабақтың негізгі мақсаты болды. Қатысушыларды ұйымдастырушылар мен қонақ маман қарсы алды. Шараның мақсаты мен бағдарламасы таныстырылды. Сабақты арнайы маман, әмбебап аспаз Рысбекова Айжан жүргізді. Айжан ханым фуршет ұйымдастырудың негізгі қағидалары, ас мәзірін жоспарлау және үстелді сервировкалау ережелері туралы қысқаша ақпарат берді. Қатысушылар маманның жетекшілігімен бірнеше фуршет тағамдарын дайындап, оларды безендіру және ұсыну әдістерін үйренді.Сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер, жауаптар алды.