Басты бет / Қолөнер шебері Амина Решпен «Ұлттық қолөнер - Заманауи бренд» тақырыбында мастер-класс 27.02.2025 ж
Қолөнер шебері Амина Решпен «Ұлттық қолөнер - Заманауи бренд» тақырыбында мастер-класс 27.02.2025 ж

27 ақпан күні Шебер қол өнершілер клубының ұйымдастыруымен мастер класс өткізілді.

Мастер класстың басты мақсаты – студенттерді ұлттық қолөнерді қолдана отырып, қазіргі киім үлгілеріне өз шығармашылық қиялдарын, шеберлік дағдыларын арттыру арқылы, өз қалауларындағы қолөнерді - заманауи бренд ретінде қалыптастыру және ойға асыру.

Мастер-класстың танысу бөлімінде Амина Реш өзінің қолөнер саласына қалай келгені, 9 жыл араға үзіліс салып қайта оралғаны, алғашқы жасаған бұйымы мен алғашқы тапқан табысы жайлы, мәңгі өзімен бірге қалатын білім және құнын жоғалтпас байлық екендігін айтып берді. Сонымен қатар мастер класс барысында студенттермен тәжірибе алмасты, яғни жейделерге ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында ою өрнек жасап, естелікке қалдырды.

https://www.instagram.com/reel/DGrfBGNIZ58/?igsh=cnV5OHZ2bDRrcDI3

 

https://www.instagram.com/reel/DGrhsu9oF7e/?igsh=MWU5OHlkMXJzOXNlYg==