Бірінші тур тесттерінің тақырыптары:
Егіншіліктің даму тарихы. Егіншілік ғылым ретінде. Қазақстандағы егіншіліктің дамуы.
Егіншіліктің ғылыми негіздері. Өсімдіктердің тіршілік факторлары және егіншіліктің заңдары.Мәдени дақылдардың тіршілік жағдайларына қоятын талаптары. Егіншіліктің заңдары және олардың қолданылуы.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының тіршілік жағдайларын оңтайландыру. Су режимі және оны реттеу. Ауа режимі және реттеу. Жылу режимі және оны реттеу. Жарық режимі және оны реттеу. Қоректік режим және оны реттеу.
Топырақтың агрофизикалық құрамы және құнарлылығы. Топырақтың құрылымы және оның агрономиялық мәні. Топырақтың тығыздығы және жыртылатын қабатының құрылымы. Топырақтың құнарлылығы.
Арамшөптер және олармен күресу. Арамшөптер және олардың шығу тегі туралы түсінік. Арамшөптердің әсерінен болатын зиян. Ауыл шаруашылығы жерлерінің агрофитоценоздары және олардың ерекшеліктері. Танаптық қауымдастықтың құрамдас бөліктерінің өзара қарым-қатынасының түрлері. Арамшөптердің зияндылық шегі. Арамшөптердің зияндылығына дақылдардың қиын-қыстау кезеңі.
Арамшөптердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері. Арамшөптердің тұқым өнімділігі. Арамшөптердің тұқымдарының және жемістерінің таралу әдістері. Тұқымдардың биологиялық құрамы. Көпжылдық арамшөптердің вегетативтік көбеюі. Арамшөптер қоректік ортаның индикаторы ретінде.
Арамшөптердің жіктелуі және оларды картаға салу. Арамшөптердің жіктелуі. Агрофитоценоздағы кең таралған арамшөптердің сипаттамалары. Азжылдық арамшөптер. Көпжылдық арамшөптер. Тоғышар және жартылай тоғышар арамшөптер. Өндірістік егістіктерде арамшөптерді есепке алу және картаға салу.
Арамшөптермен күресу шаралары. Арамшөптермен күресу шараларының жіктелуі. Биологиялық әдістер. Химиялық әдістер. Арамшөптермен кешенді күресу.
Эрозия туралы жалпы түсінік және оның түрлері. Топырақтың эрозияға шалдығу дәрежесін анықтау әдістері. Жел және су эрозияларымен күресу шаралары.
Ауыспалы егістердің ғылыми негіздері. Ауыспалы егістер туралы жалпы түсінік.Ауыспалы егісте дақылдарды кезектестіруді негіздеуші себептер. Ауыспалы егістерді құрастырудың приціптері. Алғы дақылдар және оларды бағалау. Ауыспалы егістердің типтері. Ауыспалы егістерді жобалау және игеру.
Топырақ өңдеудің ғылыми негіздері. Топырақ өңдеу туралы ілімнің дамуы. Топырақ өңдеу жүйесі туралы түсінік. Топырақ өңдеудің агрофизикалық негіздері. Топырақ өңдеудің агрохимиялық және биологиялық негіздері. Топырақ өңдеудің міндеттері және технологиялық операциялар. Топырақ өңдеудің шаралары және құралдары. Топырақты негізгі өңдеу. Топырақты күзде және ерте көктемде өңдеу. Сүрі танаптың түрлері және оларды өңдеу ерекшеліктері. Егістіктерді күтіп – баптау кезіндегі топырақ өңдеу. Минималды топырақ өңдеу. Нөлдік топырақ өңдеу. Топырақтың жыртылатын қабатын өңдеуді тереңдету шаралары және олардың мәні. Топырақтың тығыздығын азайту бойынша шаралар. Топырақтың физико-механикалық құрамы және олардың топырақ өңдеудің сапасына әсері. Топырақ өңдеудің сапасын бағалау.
Егіншілік жүйелері. Егіншілік жүйелері туралы ілімнің дамуы. Егіншілік жүйелерінің жіктелуі. Заманауй егіншілік жүйелерінің ғылыми негіздері. Топырақ қорғаушы егіншілік жүйелерінің ерекшеліктері. Альтернативті егіншілік жүйелері.
Екінші тур тапсырмалар мысалдары:
Тапсырма №1
Бюкстің таза салмағы 22,0 г, бюкстің топырақпен бірге кептіргенге дейінгі салмағы 74,6 г, кептіргеннен кейінгі салмағы 65,3 г болған кездегі топырақтың ылғалдылығын анықтаңыз, %.
Тапсырма №2
10 см топырақ қабатындағы топырақтың ылғалдылығы 21,5%, көлемдік салмағы 1,05 г/см3, тұрақты солу ылғалдылығы (ТСУ) 8,2% болғандағы топырақтың өнімді ылғал қорын анықтаңыз, мм.
Әдебиеттер
Иванников А.В. Тұрарбеков А.Т., Солтүстік Қазақстанның егіншілігі. – Алма-Ата: Кайнар, 1990. – 212 б.
Байдюсен Ұ. Ж. Аймақтық егіншілік жүйесі. Астана, 2003. – 98 б.
Карипов Р.Х. Егіншілік негіздері. Астана, «Фолиант», 2012. – 268 с.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.