Басты бет / Рамазан сауапқа кенелетін ай
Рамазан сауапқа кенелетін ай

2023 жылдың 7 сәуірі күні  Жастар саясаты жөніндегі департамент жанындағы  “Көмек” еріктілер ұйымының ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара университет қабырғасы мен жол бойында өтті. Жолда ауыз ашарға асығып бара жатқан және кептелісте тұрып қалған көліктегі жандарға да құрма, су таратылды.

Іс-шараның басты мақсаты-студенттердің қайырымдылықпен айналысуы, ерекше қасиетті айда сауап жинаулары.

Студенттер адамдардың қуанышын көріп, жылы лебіздерін, бата - тілектерін алып қуанып қалды.