«Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласында инновациялық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану» атты Халықаралық жазғы мектеп өз жұмысын жалғастыруда
Гуманитарлық-педагогикалық ғылымдар институтының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласында инновациялық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану» атты Халықаралық жазғы мектеп аясында Шет тілдері кафедрасының оқытушылары өздерінің ғылыми-әдістемелік дәрістерін ұсынды.
Бағдарлама бойынша аға оқытушы Назерке Сырымқызы Ануарбекова «Заманауи сабақ моделі: әрбір студенттің XXI ғасыр дағдылары мен негізгі құзыреттерін қалыптастыру және дамыту» тақырыбында баяндама жасап, білім алушылардың заманауи құзыреттерін дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді таныстырды.
Әсел Біржанқызы Қасымова «The Development of Communication Skills through Interactive English Language Classes» тақырыбында сөз сөйлеп, интерактивті ағылшын тілі сабақтары арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Гүлнұр Бақытжанқызы Сейтағазам «Using Interactive and Digital Tools in Teaching Foreign Languages» тақырыбындағы баяндамасында шетел тілдерін оқыту үдерісінде цифрлық және интерактивті құралдарды тиімді пайдаланудың жолдарымен бөлісті.
Ерқанат Оролбек «Цифрлық сауаттылық: білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект құралдарын пайдалану» тақырыбында баяндама жасап, жасанды интеллект технологияларын білім беру саласында қолданудың заманауи мүмкіндіктерін таныстырды.
Сонымен қатар, «Шарль де Голль–Мирас» халықаралық француз мектебінің білім беру мәселелері жөніндегі кеңесшісі, халықаралық сарапшы Мохамад Суали «IA et didactique des langues: mutations et perspectives» тақырыбында баяндама жасап, тілдерді оқытудағы жасанды интеллект технологияларының даму бағыттары мен болашағына тоқталды.
Семинар барысында қатысушылар спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзара тәжірибе алмасып, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.