Басты бет / М. А. Гендельманның 110 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция және көрме
М. А. Гендельманның 110 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция және көрме

  

    

Сейфуллин университетінде көрнекті ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Астана қаласының Құрметті азаматы Мойсей Аронович Гендельманның 110 жылдығына арналған «Сейфуллин оқулары-19» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы және кітаптар, жұмыстар көрмесі өтті.

Халықаралық конференцияның басында «М.А. Гендельман жерге орналастыру мектебі» атты қысқаша бейнефильмнің тұсаукесері өтті.

Іс-шараға ҚР ҰҒА академигі, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру жөніндегі сарапшы Зайролла Дүйсенбекұлы Дүйсенбеков; Ресей Федерациясының жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік университетінің ректоры Тимур Валикович Папаскири; Светлана Моисеевна Гендельман, Гендельман Мойсей Ароновичтің қызы және конференцияның басқа да қонақтары қатысты.

Светлана Моисеевна факультет ұжымының, студенттер мен магистранттардың алдында Қазақстандағы жерге орналастыру мектебінің негізін қалаушы, сондай-ақ 20 жыл бойы ЦШИ ректоры (қазіргі С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ) болып жұмыс істеген 1957 жылдан бастап университеттің білім беру бастауында тұрған алғашқы ғалымдардың бірі болып табылатын әкесі Гендельман Моисей Аронович туралы жақсы естеліктерімен сөз сөйледі.

Конференция секциялық отырыстармен жалғасты.

«Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн» факультетінде «М.А. Гендельман атындағы аудитория» (6223 кабинет) аудиториясы ашылады деген шешім қабылданды.

Гендельман Моисей Ароновичтің естелігі бүгін тірі!