2026 жылғы 16–20 наурыз аралығында «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ-да Erasmus+ халықаралық жобасы аясында Чехия жаратылыстану ғылымдары университеті (Czech University of Life Sciences) делегациясының сапары өтті.
Сапар Erasmus+ бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық аясында жүзеге асырылып, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және бірлескен білім беру бастамаларын іске асырудағы маңызды қадам болды.
Делегация құрамында Чехия жаратылыстану ғылымдары университетінің экономика және менеджмент факультеті менеджмент кафедрасының оқытушысы Тереза Балкарова болды.
Сапар аясында университет басшылығымен, атап айтқанда Басқарма мүшесі – Провост Абишева Роза Джанысбекқызымен маңызды кездесу өтті.
Халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты дамытуға ерекше назар аударылды. Бизнес және цифрлық технологиялар институтының білім алушылары үшін «Халықаралық ұтқырлық бағдарламалары» тақырыбында дәрістер ұйымдастырылып, академиялық алмасу, халықаралық тәжірибе жинақтау және мәдениетаралық коммуникация мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Институттың басшылығы және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесулер өтіп, бірлескен білім беру бастамалары мен ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, болашақ ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.
Мәдени бағдарлама аясында қонақ университет инфрақұрылымымен танысып, Агро-технопарк пен зертханаларды аралады, сондай-ақ Астана қаласы бойынша экскурсияларға қатысты.
Бұл сапар университеттің халықаралық серіктестігін дамытудағы маңызды қадам болып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен тәжірибе алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашты.

Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.