«English Connect: Collaboration, Creativity & Growth» халықаралық семинары Қазақстан мен АҚШ сарапшыларын біріктірді
2026 жылғы 13 наурызда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Шетел тілдері кафедрасы
“English Connect: Collaboration, Creativity & Growth” атты халықаралық онлайн семинар өткізді.
Іс-шара ағылшын тілін оқытудың заманауи тәсілдерін талқылауға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.
Семинардың ұйымдастырушысы және модераторы —
Рахимбекова Гүлденсин Оразбековна, С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ шетел тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, University of Illinois Urbana-Champaign университетінде «500 ғалым» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан сәтті өткен.
Семинар спикерлері:
• Жаннұр Иссина — шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты
• Fatih Thompson — North Seattle College және Lake Washington Institute of Technology (АҚШ) ESL оқытушысы
• Kelly Alums Conway — шетел тілдерін оқыту саласы бойынша магистр, WPC Working Partners Consortium өкілі
• Думан Кайкенов — Astana International University өкілі
• Фариза Курманғали — ҚазАТЗУ шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, CELTA сертификатының иегері.
Семинар барысында қатысушылар шет тілдерін оқытудағы инновациялық әдістерді, білім беру үдерісінде жасанды интеллектті қолдану, цифрлық сауаттылықты дамыту және мәдениетаралық коммуникация мәселелерін талқылады.
Іс-шара Қазақстан мен шетел университеттерінің оқытушыларын, зерттеушілерін біріктіріп, тәжірибе алмасу мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға маңызды алаң болды.





Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.