Басты бет / Молдабеков Руслан Жұмабекұлы
Молдабеков Руслан Жұмабекұлы

Қазақстанның Еңбек Ері
(Қазақстан Республикасы Президентінің 
2011 жылғы 11 қарашадағы Жарлығымен)

1963 жылғы 8 мамырда Алматы облысы Қаскелең ауданы мемлекеттік Селектстанция кентінде дүниеге келген. Мемлекет қайраткері, басқарушы.

Еңбек жолы: 

-1984-1986 жылдар аралығында Құрылыс материалдары министрлігі Алматы карьерлер басқармасының инженер-экономисі, "Союзпечать" басқармасының аға есепшісі;
-1986-1992 жылдарда "КазКультГалантерейТорг" республикалық көтерме-бөлшек сауда бірлестігінің аудиторы, аға экономисі, аудит бөлімінің бастығы;
-1992 жылғы 8 қазаннан Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен "ҚазЭкспортАстық" мемлекеттік акционерлік қоғамында бас есепші, кейін қаржы директоры,  бас директордың орынбасары;
-1998 жылы  Солтүстік Қазақстанның ауылшаруашылық кәсіпорындарына жеке инвестицияны дамытты;
-1999 жылы "Эксимнан агрофирмасы" ЖШС құрып, компанияның Президенті;
- 2004 жылдан бастап "Эксимнан Агрофирмасы" ЖШС қайта құру жолымен "ҚазЭкспортАстық холдингі" АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы.

Марапаттары:

- "Қазақстанның Еңбек ер" Алтын жұлдызы (2011).
-"Ерен еңбегі үшін"медалі (2002).
-"Құрмет" ордені (2007).
- Уәлиханов аудандық мәслихатының 2001.12.25 № 13-16с шешімімен "Уәлиханов ауданының Құрметті азаматы" атағы.