Басты бет / Сейфуллин жастары №25 орта мектеп қабырғасында 21.11.2024
Сейфуллин жастары №25 орта мектеп қабырғасында 21.11.2024

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің еріктілер тобы «Менің бауырым» жобасы аясында №25 орта мектеп ұжымының «Бастауыш сынып оқушыларына функционалдық сауаттылықты қалыптастыру негіздері» тақырыбында қалалық семинардың өтуіне ат салысты. Сейфуллин жастары  концерттік бағдарлама аясында мектеп бишілерін дайындап,  іс-шараны  жүргізіп, семинар барысында белсенділік танытты. Мектеп ұжымы өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.