Басты бет / SU You Tube Channel ұйымдастыруымен “Live music” ән кеші 13.12.2024 ж
SU You Tube Channel ұйымдастыруымен “Live music” ән кеші 13.12.2024 ж

13.12.2024 жылы университетіміздің түлектері Болатов Нұрдаулет пен Әлжан Жанетхан қонақта болды. Кеш “Қызық Times” форматында еркін өтті. Еліміздің шығармашылық дамуына өз үлестерін қосып жүрген, университет түлектері - өз шығармашылығындағы авторлық әндерімен бөлісті. Жастар арасында кең таралған әндерін көрерменмен бірге орындап, әлі жарық көрмеген әндерінің тұсауын кесті. Кеш аясында студенттер сұрақтарын қойып, авторлық әндерін қонақтарымыздың назарына ұсынды. Кеш “Ауылым” деп аталатын әлі жарық көрмеген әннің тұсауын кесумен өз мәресіне жете келді.