Басты бет / БББТ "РЭТ" аясында оқытудың инновациялық әдістері талқыланды
БББТ "РЭТ" аясында оқытудың инновациялық әдістері талқыланды

«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» ГОП қауымдастырылған профессор м.а., PhD Жанат Манбетова «Оқытудың инновациялық әдістері: заманауи білім беру құралдары мен ресурстарын пайдаланудың тиімді тәжірибесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

Семинар аясында оқытушылар келесі мәселелерді талқылады:

  1. Теориялық негіздері: білім сапасын арттыру мақсатында оқытудың мазмұнын, әдістері мен формаларын жаңарту.
  2. Кәсіби даму: Coursera, edX, Khan Academy курстары мен педагогикалық форумдар арқылы біліктілікті үздіксіз арттыру.
  3. Тәжірибе алмасу: менторлық бағдарламаларды, университетаралық семинарларды және коллегиалдық коучингті (Peer coaching) дамыту. Іс-шара озық технологияларды ГОП оқу үдерісіне белсенді енгізуге бағытталған.