Басты бет / «Жастармен бір толқында»
«Жастармен бір толқында»

2023 жылдың 12 қазаны күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Жастар-болашақтың тірегі» атты кездесуі өтті.

Кездесудің  мақсаты: Партияның жастар саясатына байланысты қабылданған  «Жастармен бір толқында» бағдарламасының маңызын түсіндіру.

Аталған кездесуге  Басқарма төрағасы-Ректор Қ.М.Тіреуов, Астана қаласы Мәслихатының депутаттары А.С.Айтхожин, В.А. Сергеев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Л.Сұлтанқызы, Д.Қ.Таңатаров, Сарыарқа аудандық «Аманат» партиясы филиалының төрағасы, Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры. Е. Е.Дәкенов,  «AMANAT» партиясы» Сарыарқа аудандық филиалының атқарушы хатшысы  Р. Ш. Қонақбаев қатысты.

«AMANAT» партиясы жастар үшін әділ әлеуметтік саты қалыптастыру міндетін жүзеге асырып, жастардың  жан-жақты дамуына мүмкіндік беретінін атап өтті.

Айта кетсек, бүгінде жастармен бірлесе Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауындағы маңызды мәселелерді іске асыру жөнінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мұндай пікірлесу алаңы студенттер арасында мемлекет тарапынан жасалатын мүмкіндіктерді терең насихаттауға жол ашады.