Басты бет / Ардагер аға аманаты
Ардагер аға аманаты

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде "Еңбек адамы" идеологиясын насихаттау мақсатында 24 қараша күні университетіміздің техникалық факультетінің 1975 жылғы түлегі, «Астана қаласы әкімдігінің жолаушылар тасымалы» ЖШС бұрынғы директоры, құрметті зейнеткер, «Құрмет» орденінің иегері Бақытжан Қасымұлы Ертаевпен кездесу ұйымдастырылды. 

Кездесуге университеттің Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаментінің қызметкелері мен техникалық факультеттің 4-курс студенттері қатысты. 

Кездесу барысында ардагер ағамыз жастарды еліміздің өркендеуі мен дамуы үшін аянбай еңбек етуге шақырды. Студенттік жылдардың қызықты сәттерін еске алды. Ардагер еңбек жолының туған ауылынан басталғанын айта келе, сол кездегі жас маман үшін үлкен тәжірибе, өмір мектебі болғанын баяндады.

Кездесу соңында студенттер ардагер ағаларымен естелік суретке түсті.