Басты бет / Көмек еріктілер ұйымы «Қарттар асыл қазынам» қарттар үйіне барды 13.10.2024
Көмек еріктілер ұйымы «Қарттар асыл қазынам» қарттар үйіне барды 13.10.2024

«Көмек» еріктілер ұйымы ағымдағы жылдың 13 қазаны  күні Астана қаласы, Аскар Токпанов  көшесі, 60-шы үйде орналасқан  "Бақыт" қарттар үйіне барды. Негізгі мақсат - осында тағдырдың айдауымен келген қамкөңіл аталар мен әжелердің бір сәт болса да көңілін жадырату еді. Жастар қариялармен сөйлесіп, сырласты, көңілде жүрген айтар ойларын тыңдап, концерттік бағдарламаларын ұсынды. Қариялар жастарға алғыстарын білдіріп, оқуларына табыс тіледі. Мұндай кездесулер жастарды мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелейді.