Басты бет / «Ихтиолог» студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесі
«Ихтиолог» студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесі

"Ихтиолог"  студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесі 2012 жылдан Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасында  жұмыс жасап келеді.

Үйірменің мақсаты:

Болашақ мамандарға балық шаруашылығы және ихтиология мен гидробиология саласындағы ғылыми еңбектермен таныстыру және ғылыми жұмысты жүргізу әдістемелерімен таныстыру және қолдану. 

Үйірменің негізгі міндеттері:

  1. Ақмола облысы су қоймаларында және Қазақстанның жойылып кету қаупі бар балықтардың биологиялық ерекшеліктерімен танысу;
  2. Балық шаруашылығы саласында инновациялық жобалар арқылы балық шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізу жолдарын үйрену;
  3. Кафедрада атқарылып жатқан ғылыми- жұмыстарға қатысу
  4. Балықтар биологиясын зерттеу жолдарын түсіндіру және қолдану.

"ИХТИОЛОГ"  студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесінің жетекшілері:

 Күтілетін нәтижелер:

  1. Зерттеу жұмыстарына толыққанды қатысу нәтижесінде ғылыми мақалалар жазу, ғылыми конференцияларға қатысу;
  2. Дипломдық жұмыстарының тақырыптары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  3. Зерттеу барысында болашақ мамандардың білімділігі мен біліктілігін көтеру.