2026 жылдың 10 мен 20 ақпан аралығында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Бизнес және цифрлық технологиялар институты «Ғылыми жоба және жарияланым: зерттеу қызметінің толық циклі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізуде. Іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылып, профессор-оқытушылар құрамының, жас ғалымдар мен білім алушылардың ғылыми жобалар дайындау, зерттеу жүргізу және ғылыми мақалалар жариялау саласындағы біліктілігін арттыруға бағытталған.
Семинар 36 академиялық сағатқа есептелген және зерттеу процесінің негізгі кезеңдерін — ғылыми идеяны қалыптастырудан бастап нәтижелерді ғылыми журналдарда жариялауға дейінгі барлық сатыларды қамтиды.
Бағдарламада университеттің жетекші оқытушыларының, сондай-ақ Еуропа және жақын шетел елдерінен шақырылған профессорлардың қатысуымен дәрістер мен практикалық сабақтар қарастырылған.
Семинар барысында қатысушылар ғылыми жобаларды әзірлеудің заманауи тәсілдерімен, журнал таңдау, мақалалар дайындау, рецензиядан өту және жарияланым белсенділігін арттыру жолдарымен танысады. Мұндай формат отандық және шетелдік сарапшылардың тәжірибесін біріктіріп, білім мен тәжірибе алмасуға арналған бірыңғай ғылыми-білім беру алаңын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқу қорытындысы бойынша бағдарламаны табысты меңгерген тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификаттар беріледі.
Семинарды өткізу университеттің ғылыми әлеуетін дамытуға, зерттеулер сапасын арттыруға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.




Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.