Басты бет / «Шекарадағы ветеринариялық-санитарлық бақылау» үйірмесі
«Шекарадағы ветеринариялық-санитарлық бақылау» үйірмесі

Ғылыми-зерттеу үйірмесі "Ветеринариялық санитария» кафедрасы базасында 2005 жылдан бері жұмыс жасап келеді.

Үйірменің мақсаты:

"Ветеринариялық санитария» мамандығы студенттерін импорттау және экспорттау кезінде ветеринариялық қадағалаудағы тасымалданатын жүктердің бақылауда ұсталуын ұйымдастыру әдістеріне машықтандыру, малшаруашылық нысандарында санитариялық саулық сақталуын қамтамасыз ету үшін санациялаушы заттарды іздестіріп, практикаға ендіру, сонымен қатар, ветеринария саласында өткізілетін негізгі зерттеу жұмыстарына дағдыландыру.

Үйірменің міндеттері:

Ғылыми үйірменің басты міндеттері:           

  1. Ветеринариялық қауіпсіздікті бақылау мен қадағалауда ұстау бойынша теориялық біліммен игерту;
  2. Аталған сала бойынша ғылыми жобаларға қатыстыру;
  3. Өнімдер сапасын бақылаудың инновациялық технологиялары және малшаруашылық өнімдерінің контаминанттармен (ластаушы заттармен) ластануын профилактикалау бойынша ғылыми үйірмелердің жұмыстарына қатыстыру.

"Шекарадағы ветеринариялық-санитарлық бақылау және ветеринариялық санитария»"студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесінің жетекшісі – ветеринариялық санитария кафедрасының доценті А.Н.Жұмақаева.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Ғылыми-зерттеу жобаларына толықтай қатыстыру;
  2. Жұмыс нәтижелері бойынша студенттік ғылыми-өндірістік конференцияларда баяндамалар жасау;
  3. Дипломдық жұмыс тақырыптарын орындау;
  4. Ветернариялық қадағалау нысандарының ветеринариялық қауіпсіздігі бойынша өндіріске жаңа технологияларды ендіру жөніндегі ұсынымдамалар құрастыру.