Басты бет / «Акушер» студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесі
«Акушер» студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесі

«АКУШЕР» ғылыми-зерттеу үйірмесі 1997 жылдан бастап «Ветеринарлық медицина» кафедрасының базасында жұмыс жасауда. 

Үйірме мақсаты:

Студенттер мен магистранттарды акушерлік-гинекологиялық зерттеу және жануарлардың көбею қызметін жоғарылату мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі дағдыларына үйрету. 

Үйірме міндеттері:

Ғылыми үйірменің негізгі міндеттері:

  1. Жануарлардың акушерлік-гинекологиялық ауруларымен танысып, тереңірек білім алу;
  2. Жануарлардың акушерлік-гинекологиялық ауруларын диагностикалау және емдеу әдістерін меңгеру;
  3. Лаборатория, диагностикалық кабинеттердегі ғылыми құрылғылардың жұмыс жасау әдістерін меңгеру. 

«Акушер» студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесінің жетекшісі: в.ғ.д., профессор  И.Т.Жақыпов 

Күтілетін нәтиже: 

  1. ҒЗЖ нәтижесі бойынша баяндамамен конференцияға шығу;
  2. ЖОО баспалары мен конференция материалдарында жариялау;
  3. Студенттер жұмыстарының конкурстарына қатысу;
  4. Дипломдық жұмысты орындау.