Басты бет / Орманшы студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесі
Орманшы студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесі

Үйірменің құрылған жылы: «Орманшы» 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс жасауда. Үйірме мүшелері 1-4 курс студенттері болып табылады.

Орманшы ғылыми үйірмесінің мақсаты: студенттер кафедрасының ғылыми жұмыстарына ат салысып, өндірістік тәжірибе есебін тындау және оқу-тәжірибесі бойынша жүргізілетін шараларға қатысу арқылы білімдерін  шыңдау.

Үйірменің жұмысының міндеттері:

  1. Әр оқу жылында «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы 1-4 курс студенттерінің өндірістік тәжірибесі бойынша берілетін есепті тыңдауға қатысу;
  2. ҒЗЖ және оқу тәжірибесі бойынша далалық жұмыстарға қатысу;
  3. Алған білімдерін шыңдау мақсатында «ОРМАНШЫ» мамандармен семинарлар өткізу;
  4. 1-4 курс студенттерін халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға қатысуын ұйымдастыру;
  5. «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары арасында өткізілетін Республикалық пәндік олимпиадаға қатысу;
  6. Үйірме мүшелерімен бірге студенттерді академиялық ұтқырлық бойынша шет елдерде баруы үшін жұмыстар жүргізу;