Басты бет / «Маслодел» Ғылыми студенттік үйірмесі
«Маслодел» Ғылыми студенттік үйірмесі

«Азық-түлік және қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» кафедрасында өсімдік майларын шығаратын тәжірибелік-өндірістік цех негізінде «Маслодел» студенттік тобы жұмыс істейді. Ғылыми үйірменің негізгі мақсаты - ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және май өнеркәсібі үшін жоғары білікті мамандар даярлау үшін жағдайлар жасау.

Ғылыми үйірме жұмысы студенттерді өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге, май өнімдерін өндіруде танымдық қызығушылықтарын дамытуға, кәсіби құзіреттіліктерді қалыптастыруға ынталандырады.

Қазіргі уақытта студенттер келесі тақырыптар бойынша бірлескен зерттеулер жүргізуде:

- өсімдік майларын купаждау (араластыру);

- өсімдік майларының мацерациялау;

- май өнеркәсібінің екіншілік өнімдерін өңдеу;

- майлы дақылдарды өңдеу кезінде алынған глютенсіз ұн түрлерін алу және оларды әрі қарай пайдалану.

Ғылыми жұмыстардың нәтижелері студенттік конференцияларда жарияланады.